2022 жылғы 31 наурызға жарғылық капитал 112 761 730 000 теңгені құрайды.
2022 жылғы 31 наурызға тіркелген (жарияланған) акциялардың саны,
түрі – 55 000 000 дана жай акция.
2022 жылғы 31 наурызға жарияланған, бірақ орналастырылмаған
акциялардың саны – 1 449 997 дана жай акция.
2022 жылғы 31 наурызға орналастырылған акциялардың
саны – 53 550 003 дана жай акциялар.
2022 жылғы 31 наурызға бір акцияның номиналдық құны (құрылтайшылар
төлеген кезде) – 1 000 (бір мың) теңге.
Акционерлер құрамы:
QIC-ның Жалғыз акционері
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.
Акциялармен берілетін құқықтар:
1) «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға сәйкес Жалғыз акционердің қарауына енгізілетін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құқығы;
2) QIC-ның таза кірісі болған жағдайда дивидендтер алу құқығы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте QIC мүлкін тарату кезінде оны алу құқығы.